ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Аида Әбікеева Қазақстан қоржынына үшінші "алтын" салды (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. 

Аида Әбікеева Қазақстан қоржынына үшінші "алтын" салды (ВИДЕО)
Instagram/@qaz_team_official

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Әбікеева таиландтық Тананья Сомнуекпен кездесті. Қазақстандық спортшы 5:0 есебімен таза жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Аида Әбікеева бұл жеңісі арқылы Қазақстан құрамасына үшінші алтын медаль сыйлады. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 кг) мен Алуа Балқыбекова (50 кг) әлем чемпиондары атанды. 

Тананья Сомнуек бұл турнирде күміс медаль еншіледі. Ол бұған дейін 2024 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып, 2022 жылғы Азия ойындарында да қола медаль жеңіп алған тәжірибелі спортшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.