Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов қызметінен кетті

Редактор Penalty.kz
19.03.2025, 23:20

Бұл ақпаратты құрама сапында күресетін бірқатар балуан растап отыр. Бірақ Дзюдо федерациясы әзірге бұған қатысты пікір білдірген жоқ.

1bol.kz
1bol.kz

Нұрбол Сүлейменов 2022 жылы ерлер құрамасына бас бапкер болып тағайындалды. Ол осы қызметке келгелі бері ұлттық құраманы Париж Олимпиадасымен қатар, 3 әлем чемпионаты, 2 Азия чемпионаты және Ханчжоуда өткен Азия ойындарына апарды. Бұл туралы prosports.kz жазады.

Сүлейменовтың жетекшілігімен Қазақстан дзюдошылары Париж Олимпиадасында 1 алтын, 1 қола медаль алса, әлем чемпионаттарында 1 қолаға ие болды. Сонымен қатар Азия ойындарында 3 қола медальға қол жеткізді. Бұдан бөлек, Азия чемпионаттарында 1 алтын, 2 күміс 8 қола медальға ие болды. 

Сенімді дереккөздің мәліметінше, бас бапкерлікке ресейлік Роберт Мшвидобадзе кіріскен. Ол даңқты италиялық дзюдошы, Олимпиада чемпионы және әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған командамен бірге ынтымақтастықты бастаған еді.

Роберт Мшвидобадзе – екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. Ол 60 келіде күресіп, Токио Олимпиадасына қатысқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір