
Қазақстандық ММА спортшысы, "Панда" лақап атымен танымал Нұрғиса Үмбетов (3-1) АҚШ-тың Power Slap лигасында өнер көрсетуге ұсыныс алды.
Power Slap — бұл шапалақпен жекпе-жек өткізілетін кәсіби спорт лигасы. Оны UFC президенті Дана Уайт басқарады. Бұл форматта екі спортшы кезекпен бір-біріне ашық алақанмен соққы жасап, қарсыласы ойын жалғастыра алмайтын сәтке дейін жарысады.
Нұрғиса Үмбетов өзінің барлық төрт кәсіби кездесуін OCTAGON лигасында өткізген. Ол үш жеңіс пен бір жеңіліс көрсеткішіне ие. Бұған дейін файтер өзінің OCTAGON-мен келісімшарты аяқталғанын, әрі қарайғы спорттық жолын Ресей, БАӘ немесе АҚШ-та жалғастыруы мүмкін екенін айтқан болатын.