Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ливерпуль" камбэк жасап чемпион атанды

Редактор Penalty.kz
27.04.2025, 22:37

Ағылшын Премьер-лигасының (АПЛ) 34-турында "Ливерпуль" "Тоттенхэмді" ойсырата жеңіп, тарихында 20-рет ел чемпионы атанды.

liverpooloffside.sbnation.com
Реклама
Реклама

"Ливерпуль" матчты сенімді түрде аяқтап, чемпиондық титулды мерзімінен бұрын иеленді.

"Ливерпуль" — "Тоттенхэм" 5:1 (3:1)

Голдар: Соланке 12' (0:1), Диас 16' (1:1), Макалистер 24' (2:1), Гакпо 34' (3:1), Салах 63' (4:1), Удоджи — автогол 70' (5:1). 

Бұл чемпиондық — "Ливерпуль" үшін ерекше мәнге ие. Команда Юрген Клопп кеткеннен кейін алғашқы маусымында жаңа бапкер Арен Слоттың басшылығымен алтын медальды жеңіп алды. Сонымен қатар мерсисайдтықтар соңғы төрт маусым қатарынан чемпион атанып келген "Манчестер Ситидің" сериясын үзді.

"Ливерпуль" осы жеңісімен "Манчестер Юнайтедтің" тарихи көрсеткішіне теңесті. Енді екі клубтың да Англия чемпионатында 20 чемпиондық атағы бар.

"Арсенал" маусымды екінші орынмен аяқтауы әбден мүмкін. Бірақ Чемпиондар лигасына берілетін жолдамалар үшін күрес әлі де жалғасып жатыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары