Реклама
Реклама

Қазақстан әлем чемпионатында 7:0 есебімен ойсырата жеңді

Сарапшы, спорт журналисі
23.01.2026, 21:33

Әйелдер арасындағы жасөспірімдер әлем чемпионатының (II дивизион, А тобы) төртінші турында Қазақстан құрамасы Нидерланд командасын 7:0 есебімен тас-талқан етті. 

instagram/@kazakhstanicehockey

Бірінші кезеңдегі төрт шайба

Кездесудегі есеп 5-минутта ашылды. Ульяна Куклина дәл соққымен көзге түсті. Араға небәрі 30 секунд салып, Анфиса Новикова есепті еселеді. 

Одан кейін 12-минутта Василиса Шуклина үшінші шайбаны соқты. Бірінші кезеңнің аяқталуына жақын Новикова тағы да мергендік танытып, есеп 4:0 болды.

Екінші кезең және хет-трик

Екінші кезеңде София Муравьёва Қазақстанның басымдығын 5:0-ге жеткізді. Ал ойынның келесі бөлігінде Анфиса Новикова қарқынын бәсеңдетпей 33-минутта хет-трик жасап, 46-минутта тағы бір шайба енгізді.

Нәтижесінде матч 7:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Қазақстан көш бастап тұр

Төрт тур қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 ұпай жинап, II дивизион, А тобының турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

Қазақстанның келесі кездесуі 25 қаңтарда Оңтүстік Кореяға қарсы өтеді. 

Реклама
Реклама