Ватерполшылар Азиада финалына шықты
Қазақстанның ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындарында су добынан финалға жолдама алды.
Жартылай финалда қазақстандық ватерполшылар Қытай құрамасымен кездесіп, тартысты ойында жеңіске жетті. Кездесу Қазақстан құрамасының 11:10 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Төрт кезеңнің нәтижесі: 1:2, 3:2, 5:3, 2:3.
Осылайша Қазақстан шешуші матчқа жолдама алып, Азия ойындарының алтын медалі үшін таласатын болды.
Қазақстан құрамасының финалдағы қарсыласы Иран – Жапония жартылай финалдық кездесуінен кейін белгілі болады.
Шешуші матч ертең өтеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?