Қазақстан құрамасы
Байсұфинов командасын сынақтан өткізді – Қазақстан Лихтенштейнге қарсы қалай ойнайды?
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ойындарға дайындықты жалғастырып жатыр.
Абат Айымбетов мансабын қайда жалғастырады?
Қазақстандық шабуылшы жаңа клуб іздестіріп жатыр.
Үш алтын: Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында жеңіске жетті
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары басталды. Спорттық додада ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еуропаға жол тартпақ
Қазақстан құрамасының ойыншысы Артур Шушеначев маусым аяқталған соң «Ақтөбеден» кетіп, қайтадан шетелдік чемпионатта бақ сынап көруі мүмкін.
ТМД-ның III ойындары: қазақстандық жүзушілер 19 медаль жеңіп алды
Әзербайжанның Гянджа қаласында ТМД елдерінің III ойындарында жүзуден соңғы жүлделер сарапқа салынды
Қазақ боксшылары Дубайдағы әлем чемпионатына қатыспайды
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылы Дубайда өтетін ерлер арасындағы әлем чемпионатына рекордтық жүлде қоры белгіледі. Дегенмен Қазақстанның басты чемпиондары бұл жарыстан тыс қалады.
Талғат Байсұфинов Қазақстан құрамасына үшінші рет оралды
Осы аптада Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ресми түрде ұлттық құрама бас бапкері міндетін Талғат Байсұфинов атқаратынын жариялады. Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Қазақстан құрамасының экс-капитаны Асхат Тағыберген төртінші рет әке атанды
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны, «Тобыл» футбол клубының ойыншысы Асхат Тағыберген әке атанды.
Ұлттық құрама тізгінін итальяндық маман ұстайды
Массимо Каррерамен келісімшарт дайын 3 жылға жасалады деген болжам бар.
Қазақстандық гимнасшылар әлем біріншілігі алдындағы сайыста үш алтын жеңіп алды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы үшін соңғы екі «Challenge Cup» кезеңі жай жарыс емес, әлем чемпионатына дайындықтың маңызды бөлігі болды.
Қазақстан құрамасы басты ойыншысынан айырылды
Ұлттық құраманың және «Ахмат» ФК ойыншысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының (РПЛ) 10-туры аясындағы «Акронға» қарсы кездесуде жарақат алып, алаңнан ерте кетуге мәжбүр болды.
Екінші бразилиялық легионер ұлттық құрамамен қоштасты
«Семей» клубының футзалшысы, бразилиялық Лео Мендонка ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын жариялады.
Ливерпульде дүркіреген Қазақстан енді Ташкентте тарих жаза ала ма?
Бокстан 2025 жылғы Азия чемпионатының өтетін жері белгілі болды.
Тағы бір аңыз ойыншы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Футзалдан Қазақстан құрамасының және Сауд Арабиясының «Аль-Ула» клубының қорғаушысы Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына үміткер аталды
Әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін бас жаттықтырушы Әли Әлиев өз еркімен отставкаға өтініш берген. Дегенмен Қазақстан футбол федерациясы әзірге шешім қабылдаған жоқ және оның орнына келетін маман туралы ресми хабар таратқан емес.
Аңыз футзалшы ұлттық құрамамен қоштасты
Қазақстан футзалының символына айналған Шыңғыс Есенаманов ұлттық құрамамен қоштасты. Тарихи сәт Еуро-2026 додасына іріктеу кезеңінде Италияға қарсы ойыннан кейін тіркелді.
Қазақстан келесі Әлем чемпионатына қатысуы мүмкін
ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатын 64 команда қатысатын форматта өткізуі мүмкін.
Ғасыр чемпионы: Айдос Сұлтанғали Қазақстанға 26 жылдағы алғашқы "алтынды" әкелді
Отандасымыз ақтық сында өзбекстандық Алишер Ганиевті 9:0 есебімен жеңді.
"Олимпиадада үміт бар". Шавкат Рахмоновтың бапкері Айдос Сұлтанғалидың жеңісі жайлы
Айдос Сұлтанғалидың тарихи жеңісінен кейін қазақстандық спортта жаңа дәуір басталуы мүмкін. 60 келі салмақтағы әлем чемпионын Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров та ерекше атап өтіп, бұл жеңістің Олимпиадада да үлкен үміт сыйлайтынын айтты.
"ХХІ ғасырдағы тұңғыш чемпион: Тоқаев Айдос Сұлтанғалиды жеңісімен құттықтады
Отандасымыз грек-рим күресінен кейінгі 26 жылда алғаш рет Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салған болатын.