Жарнама
Жарнама
Сәрсекбаев пен оны сынаған ҚБФ өкілі татуласты
instagram/b.sarsekbayev

Сәрсекбаев пен оны сынаған ҚБФ өкілі татуласты

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев пен бокс федерациясының өкілі Мырза Еркінбек арасындағы келіспеушілікке нүкте қойылды.

Сәрсекбаев Түркістанда Еркінбекпен кездесіп, әлеуметтік желіде бірге түскен суретін жариялады. Жаттықтырушы жазбасында жастар құрамасына қолдау білдіріп, жұртшылықты түрлі алыпқашпа әңгімелерді тоқтатуға шақырды.

"Бүгін Мырза інім Түркістанға келді. Жастар құрамасының оқу жиындарын алдағы Әлем чемпионатына дайындығын көріп, сәттілік тіледі. Ағайын, жауапты жарыс алдында алып қашпа, қысыр әңгімені тоқтатып, жастарымызға демеу көрсетейік! Төртеу түгел болсақ төбедегіні аламыз!" – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Мырза Еркінбек әлеуметтік желіде Бақыт Сәрсекбаев пен Айдар Шәрібаевты белгілеп, сын пікір жариялаған болатын.

"Бұл адамды жастар құрамасының жаттықтырушысы етіп біз тағайындаған жоқпыз. Оның пайдасынан зияны көп. Сіздер оның немен айналысып жүргенін білмейсіздер. Мен барлық шындықты білемін, жақында оны бәріңіз естисіздер".

Жарнама
Жарнама