Жарнама
Жарнама
Темірлан Тұрдақын АҚШ-тағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
sportarena.kz

Темірлан Тұрдақын АҚШ-тағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан финалда Иран өкілі Ясин Али Яздимен кездесті.

Қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Темірлан Тұрдақын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан финалда Иран өкілі Ясин Али Яздимен кездесті.

Алтын медаль үшін өткен белдесуде Ясин Али Язди 4:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Темірлан Тұрдақын жастар арасындағы әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтады.

Финалға дейін үш қарсыласын жеңді

Азия жастар чемпионатының жеңімпазы Тұрдақын турнир барысында бірнеше мықты қарсыластан басым түсті.

1/8 финалда қазақстандық балуан Венесуэла өкілі Брайан Руиз Маринді жеңді.

Ширек финалда Түркия спортшысы Альперен Берберден басым түсті.

Ал жартылай финалда ресейлік Александр Крикуханы жеңіп, әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Қазақстан бұған дейін екі алтын жеңіп алды

Лас-Вегастағы U23 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бұған дейін де жүлделерге қол жеткізді.

Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алса, Арсен Жұма қола жүлдегер атанды.

Жарнама
Жарнама