Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстанда жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге айыппұлдар қатаңдатылуы мүмкін

Редактор Penalty.kz
18.04.2025, 15:30

Жүйелі түрде жол ережесін бұзатын жүргізушілерге қатысты айыппұлдарды төлеу жеңілдіктері жойылуы ықтимал. Сенатор Марат Қожаев бұл бастаманы көтерді.

esquire.kz
esquire.kz

Жеңілдік бәріне бірдей болмауы керек

Қазір Қазақстанда жол қозғалысы ережесін бұзғатындар айыппұлды жеті күн ішінде төлеген жағдайда 50% жеңілдік алады. Бірақ сенатор Марат Қожаев бұл механизмнің теріс салдарын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай жеңілдіктер жүйелі түрде ереже бұзатын жүргізушілерді ынталандырып отыр.

“Кейбір жүргізушілер күн сайын жылдамдықты асырып, автобус жолағымен жүреді, қоғамдық көлік қозғалысына кедергі келтіреді. Олар үшін айыппұл — жай ғана рәсім. Жарты бағасын төлеп, келесі күні қайтадан заң бұзады”, — деді Қожаев Сенат отырысында.

Сенатор бұл санатқа негізінен қымбат көлік тізгіндеген жас жүргізушілер жататынын атап өтті. Көбіне олар ауқатты отбасылардан шыққан, ал айыппұлды “ереже бұзу ақысы” ретінде қабылдайды.

Сенатор Марат Қожаев. ФОТО: kursiv.kz

Статистика алаңдатады

Сенатор келтірген ресми деректер:

  • 195 мыңнан астам жүргізуші жыл ішінде 10-нан 50-ге дейін ереже бұзған;
  • бірнеше мың адам — 50-ден 100-ге дейін;
  • жүздеген жүргізуші — бір жылдың ішінде 300-ден астам заң бұзушылыққа жол берген.

Жол ережесін жиі бұзатындар қайта емтихан тапсырсын

Марат Қожаев сондай-ақ жыл ішінде 10 және одан да көп рет ереже бұзған жүргізушілерге ПДД емтиханын қайта тапсыруды міндеттеу туралы ұсыныс айтты.

Бұл шара арқылы жауапсыз жүргізушілердің санын азайту және қауіпсіздік деңгейін арттыру көзделіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір