Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Астана әкімі LRT билетінің болжамды бағасын атады

Редактор Penalty.kz
17.04.2025, 15:30

Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің құрылысы аяқталуға жақын. Енді елордалықтар үшін ең маңызды сұрақтардың бірі — жолақы құны белгілі бола бастады.

elorda.info
elorda.info

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Сарайшық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында LRT жүйесіне міну бағасы туралы айтты.

“LRT бойынша жобалық бағалар 100-ден 200 теңгеге дейін деп белгіленген... әзірге сол күйінде қалуда”, — деді қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, жеңіл рельсті көлік жобасының жол құрылысы биыл толық аяқталады. Алдағы апталарда тіректер маңындағы жолдарды абаттандыру жұмыстары басталады.

“Біз құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жол бағыты Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Сауран, Ақмешіт, Түркістан көшелері арқылы Мәңгілік Ел даңғылына өтеді. Одан кейін Сарайшық ауданына қарай Тәуелсіздік даңғылына шығып, соңында вокзалға дейін жетеді. Жол толықтай көгалдандырылып, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлармен, жарықпен және басқа да қажетті инфрақұрылыммен жабдықталады”, — деп қосты Жеңіс Қасымбек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір