
2025 жылдың наурыз айындағы сату көрсеткіштері бойынша Қазақстандағы "ең халықтық" автокөлік анықталды. Ресми емес бұл атақты Hyundai иеленіп отыр.
2025 жылдың наурыз айында Қазақстандағы жеңіл және коммерциялық жаңа көліктердің сатылымы былтырғы жылмен салыстырғанда 23,4 пайызға артты. Бұл айда барлығы 19 629 жаңа көлік сатылған. Ал бірінші тоқсан қорытындысы бойынша сату көлемі 46 843 бірлік болды — бұл 2024 жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 18,8%-ға жоғары.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАО) президенті Анар Мақашеваның айтуынша:
“2024 жыл Қазақстандағы автонарық үшін рекордтық жыл болды. 2025 жылдың алғашқы айларындағы динамикаға қарасақ, бұл көрсеткіш тағы да жаңаруы мүмкін. Наурызда 20 мыңға жуық көлік сатылды — бұл халықтың ресми дилерлерге деген сенімінің артып келе жатқанын көрсетеді. Бұған жеңілдетілген автонесиелеу, бонус бағдарламалары мен кепілдік қызметтер үлкен әсер етті”.
Сарапшылардың пікірінше, осындай ынталандырушы бағдарламалар нарықты дамытуға және халықтың көлікке қолжетімділігін арттыруға оң әсерін тигізіп отыр.
2025 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша жалпы сату көшбасшылары:
Қазақстандықтар үшін көлік сатып алу — жиі жағдайда пәтер алуға қарағанда оңай әрі нақты мақсат. Бұл үрдіс нарықтағы ұсыныстың көптігімен де түсіндіріледі: қазіргі кезде ұсыныс сұраныстан асып түсіп отыр.