Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ақтауда мектеп түлегі көлікке мініп, полициядан қашты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 11:18

Жастар полицейдің айтқанын орындаудан бас тартқан. 

Qaz365.kz
Qaz365.kz

Полициядан қашқан жастар

Әлеуметтік желіде мектеп бітіруші түлек мінген көлікті полицейлердің қуған сәті түсірілген видео тарады. Бұл жағдайға қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Lada.kz. 

Оқиға Мұнайлы ауданында болған. Видеоны Cenzura_aktau жергілікті Instagram парақшасы жариялады.

Кадрда жастар отырған көлікті полиция қуып келе жатқан сәт көрсетіледі. Олардың арасында мектеп формасын киіп, бітіруші лентасын таққан жасөспірім де болған. Жастар полицейдің айтқанын орындамай, болып жатқан оқиғаны видеоға түсіріп отырған.

Оқиға көлік тұрғын үй ауласына кірген кезде аяқталған. Ол кезде бітіруші лентасын таққан жас жігіт полиция қызметкерлері келгенше үйдің қақпасын жауып үлгерген.

Мұнайлы аудандық полиция басқармасы оқиғаның 23 мамырда Жаңа Дәулет ауылында болғанын хабарлады. Құқық бұзушылар ұсталған. Toyota Camry көлігінің иесіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 613-бабы бойынша шара қолданылған.

Анықтама

ҚР ӘҚБтК 613-бабы – ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талабын орындамау, сондай-ақ масаң күйді анықтауға арналған тексеруден жалтару. Бұл құқықбұзушылық үшін 40 АЕК (157 280 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 3 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір