Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қай көліктерге салық 4 есе төмендейді?

Редактор Penalty.kz
23.07.2025, 19:39

Қазақстанда көлік иелеріне үлкен жеңілдік келе жатыр! 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді, соның нәтижесінде 3 литрден асатын қозғалтқышы бар көліктердің салығы төрт есе және одан да көп төмендейді. Бұл өзгеріс тек ескі темір тұлпарларға емес, жаңа көліктерге де қатысты болмақ.

kolesa.kz
kolesa.kz

2026 жылдан бастап Қазақстанда көлік салығы біршама өзгермек. Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін салық тек ескі көліктерге ғана емес, үлкен көлемді қозғалтқышы бар темір тұлпарларға да едәуір азаяды. Әсіресе, мотор көлемі 3–4 литр аралығындағы автокөліктер үшін жеңілдік айтарлықтай болмақ. Бұл туралы kolesa.kz хабарлады. 

Жаңа Салық кодексі қашан күшіне енеді?

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі 2025 жылғы 18 шілдеде қабылданып, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қандай көліктерге салық азаяды?

  • 11 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктер үшін — 30% жеңілдік
  • 21 жылдан асқан көліктер үшін — 50% жеңілдік

Ең үлкен салық үнемі қозғалтқыш көлемі 3–4 литр аралығындағы көліктер иелеріне тиесілі болады. Бұған дейін олар үшін арнайы жоғары салық мөлшерлемелері қолданылып келген.

Қолданыстағы салық мөлшерлемелері:

Қозғалтқыш көлеміне қарай салық мөлшері (АЕК есебімен):

  1. 3000–3200 см³ — 35 АЕК
  2. 3201–3500 см³ — 46 АЕК
  3. 3501–4000 см³ — 66 АЕК
  4. 4001–5000 см³ — 130 АЕК
  5. 5001 см³ және одан жоғары — 200 АЕК

2026 жылдан бастап жаңа мөлшерлемелер:

Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін, қозғалтқыш көлеміне қарай мынандай жеңілдетілген салық мөлшерлемелері қолданылады:

  1. 3001–4000 см³ — 15 АЕК
  2. 4001 см³ және одан жоғары — 117 АЕК
Фото: kolesa.kz

Мысалмен түсіндірейік:

Toyota Land Cruiser Prado 2022 (4.0 л):

  • Бұрын: 66 АЕК × 4148 ₸ = 273 768 ₸
  • 2026 жылдан бастап: 15 АЕК × 4148 ₸ = 62 220 ₸

Салық 4.4 есе төмендейді!

Lexus LX 570 (V8, 5663 см³):

  • Бұрын: 200 АЕК = 834 241 ₸
  • Енді: 117 АЕК = 496 957 ₸

337 000 теңгеден астам үнем. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір