10 миллион теңгеге дейінгі сенімді қытайлық кроссоверлер
Қазақстандық нарықта қытайлық кроссоверлердің саны айтарлықтай артуда. Дегенмен бәрі бірдей сенімділігімен ерекшеленбейді. Ресейлік Fresh авто-маркетплейсінің коммерциялық директоры Евгений Житнухин Қазақстанда ресми сатылатын, сенімділігімен танылған үш қолжетімді қытай кроссоверін атады.
1. Haval Jolion — қолжетімді әрі функционалды
Haval Jolion – сенімділігі жоғары, күнделікті жүруге ыңғайлы көлік. Ол 1.5 литрлік мотор және ақауы сирек кездесетін трансмиссиямен жабдықталған. Электронды көмекшілердің кең жиынтығы жүргізушіге көлікті басқаруды жеңілдетіп, жайлы тәжірибе ұсынады.

Кемшіліктері:
- Орындықтардың эргономикасына байланысты сын айтылған;
- Рөл дөңгелегінің пішіні мен бұрылыс сигналының дыбысы кей қолданушыларға ұнамайды.
2. Omoda C5 — жастарға арналған заманауи көлік
Omoda C5 – заманауи дизайнымен жастар арасында сұранысқа ие. Оның басты артықшылығы – шойын мотор блогы, бұл алюминийлі нұсқаларға қарағанда әлдеқайда төзімді.

Кемшіліктері:
- Спорттық орындық бәріне бірдей ыңғайлы бола бермейді;
- Жүксалғышта бекіткіштер мен торлардың болмауы оның функционалдығын төмендетеді.
3. Chery Tiggo 4 Pro — үнемді жанармаймен жұмыс істейді
Chery Tiggo 4 Pro — 1.5 және 2.0 литрлік қозғалтқыштармен келеді, әрі 92-ші бензинмен жүре алады, бұл жанармайдан үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайда, бұл ДВС-тің ұзақ мерзімділігін қысқартуы мүмкін, сондықтан қолданылған көлікті сатып алғанда бұрын қандай жанармай пайдаланылғанын нақтылап алған жөн.

Кемшіліктері:
- Алдыңғы әйнекті тазалау деңгейі төмен;
- Жүксалғыш эргономикасы толық жетілдірілмеген;
- Кейбір басқару батырмалары ыңғайсыз орналасқан.