Ferrari дағдарыста ма? Скудериядан басты мотористер қашып жатыр!
2026 жылы Формула 1 жаңа гибридті қозғалтқыш дәуіріне қадам басады. Бұл технологиялық жарыста кім көшбасшы атанатынын уақыт көрсетеді. Бірақ Ferrari жанкүйерлерін алаңдатқан жаңалық бар – Скудерия жетекші инженерлерінен айырылуда. Бұл дағдарыс белгісі ме, әлде қалыпты құбылыс па?
Маранеллодан соңғы жаңалықтар
Италиялық инсайдер Лео Туринидің ақпаратына сәйкес, Ferrari мотор бөлімі үшін маңызды екі маман – Вольф Циммерман мен Ларс Шмидт команданы тастап кетуде. Бұған қоса, аэродинамика басшысы Диего Тонди де кетуге жақын.
Жағдайдың салмағы 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа техникалық регламентпен байланысты. Формула 1-де әр дәуірде басты фактор – кімнің моторы мықты болса, сол чемпиондыққа үміткер болады.
Екі түрлі түсіндіру
Турини өзінің колонкасында екі ықтимал сценарийді көрсетті:
- Қара нұсқа. Ferrari-дің жаңа гибридті моторына сенімсіздік бар. Тіпті инженерлердің кетуі осы күмәннің айғағы болуы мүмкін.
- Жеңіл нұсқа. Ескі тим-босс Маттиа Бинотто оларды Audi-ге шақырып, кәсіби байланыстарын пайдаланған болуы ықтимал.
«Моторды енді ғана құрастырған соң Циммерман мен Шмидттің кетуі алаңдатады. Бірақ нақты фактілер бәрін орнына қояды деп үміттенемін», – дейді Турини.
Инженерлік дағдарыс па, әлде қалыпты процесс?
Шынымды айтсам, инженерлік жайттардың тереңін түсінбеймін. Бірақ бір нәрсе анық: кадрлық ауыс-түйіс Формула 1-де – қалыпты құбылыс. Жыл сайын мамандар бір командадан екіншісіне өтеді. Мәселен, дәл қазір Тонди де чемоданын жинап жатыр деген сыбыс тарауда.
Бірақ Ferrari жағдайын күрделендіретін фактор бар: команда қыркүйектің ортасында бола тұра, әлі толық қозғалтқышты стендте сынаған жоқ. FIA-ның омологация мерзіміне үш-ақ ай қалды. Бұл уақыт тапшылығы Скудерияны қысымға түсіріп отыр.
Сәтсіздік пен сыбыс
Нәтижесіздік – қауесеттің басты отыны. Жеңімпаздар жеңістерін еселеп, мерекелейді, ал жеңілгендер сылтау іздейді. Ferrari соңғы жылдары жиі екінші топқа түсіп қалғандықтан, әрбір кадрлық өзгеріс айналасында шу туғызады.
Туринидің аутуынша: «Адамдар келеді, адамдар кетеді…». Бұл өмір заңдылығы, әсіресе Формула-1 сияқты қысымға толы ортада.
Ferrari жанкүйерлері үшін бұл жаңалық екіұшты. Бір жағынан, кадрлардың кетуі команданың 2026 жылғы жоспарына күмән тудырады. Екінші жағынан, бұл Формула 1-дегі әдеттегі кадрлық айналым болуы да мүмкін.
Фредерик Вассёр үшін басты сынақ – осы кезеңде команданың тұрақтылығын сақтап, жаңа қозғалтқышты уақытында жарысқа дайындау.