Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Енді 500 теңге төлеп көліктің өмірбаянын білуге болады

Сарапшы, спорт журналисі
22.09.2025, 15:35

Қазақстандықтар көлік тарихын "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы тексере алады. 

Енді 500 теңге төлеп көліктің өмірбаянын білуге болады
Сүрет: ашық дереккөздерден

Бұл жақсы жаңалықты 2025 жылдың 22 қыркүйегінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі таратты.

Көлік тарихын енді оңай білуге болады

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру мақсатында корпорация "ХҚКО" (ЦОН) мобильді қосымшасына жаңа сервис – "Көлік тарихы" қызметін енгізген.

"Жаңа сервис азаматтарға Қазақстан Республикасында тіркелген автокөліктер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Құжатта көліктің тіркелуі, тұтқынға алынуы немесе кепілде болуы, әкімшілік айыппұлдары, кедендік рәсімдеуі, утилизациялық төлемнің төленуі, арнайы белгілер және берілген техникалық паспорттар туралы деректер көрсетіледі. Осылайша, мұндай формат жасырын проблемаларды алдын ала анықтап, көлікті сатып алу кезінде тәуекелді азайтуға және оның заңды тазалығына көз жеткізуге мүмкіндік береді", – делінген корпорация хабарламасында.

Сонымен қатар, "Азаматтарға арналған үкімет" бұл сервис автонарықтағы мәмілелердің ашықтығын арттыруға және алаяқтықтың алдын алуға септігін тигізетінін атап өтті.

"Мәлімет алу үшін өтініш берушіге көліктің VIN-кодын енгізу жеткілікті. Есеп нақты уақыт режимінде мемлекеттік деректер базасы мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің негізінде қалыптастырылады. Қызметті пайдалану үшін "ХҚКО" мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ИИН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, бір тексерістің құны – 500 теңге. Сондай-ақ топтамалық ұсыныстар бар:

  • 10 тексеріс – 4500 теңге,
  • 20 тексеріс – 8000 теңге.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 2
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір