Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бейнеуде көлік тізгіндеген жасөспірім патрульдік автомен соқтығысты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

17 жастағы бозбаланың көлік басқаруға рұқсаты болмаған.

Бейнеуде көлік тізгіндеген жасөспірім патрульдік автомен соқтығысты (ВИДЕО)
kz.kursiv.media

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жасөспірім тізгіндеген Toyota Camry патрульдік полиция көлігімен соқтығысты. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп, жағдай бойынша қызметтік тексеріс басталды.

Жазбада жоғары жылдамдықпен келе жатқан Toyota Camry көлігінің патрульдік автокөлікке соғылған сәті анық көрінеді.

Полиция департаменті мәлім еткендей, көлікті 17 жастағы жасөспірім жүргізген.

Ата-ана жауап береді

Маңғыстау облыстық ПД хабарлауынша, жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік шара қолданылады:

  • кәмелетке толмаған баланы көлік тізгініне отырғызғаны үшін;
  • тәрбие міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін.

Полиция қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, жасөспірім бұрын көлік басқаруға рұқсаты болмаған.

Соқтығыс салдарынан ешкім жарақат алмаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір