Формула-1-дегі үзіліс: Майами алдындағы жарыста не болып жатыр?

Сарапшы, спорт журналисі

2026 жылғы маусымның басында Формула-1 күтпеген үзіліске шықты. Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Бахрейн мен Сауд Арабиядағы Гран-при кезеңдері кейінге қалдырылып, чемпионатта бес аптаға созылған пауза пайда болды. 

Формула-1-дегі үзіліс: Майами алдындағы жарыста не болып жатыр?
Formula 1

Дайындық қызу

Келесі жарыс Майамиде 1-3 мамыр аралығында өтеді. Маусым басталғалы командалар өте тығыз графикпен жұмыс істеді, қысқы тесттер мен алғашқы жарыстар қатар өтті. Сонымен қатар. 2026 жылы техникалық регламент түбегейлі өзгеріп, жаңа қозғалтқыш жүйелері енгізілді. Осы себепті сәуірдегі үзіліс командалар үшін болидтерді жаңарту кезеңіне айналды.

Үзіліс кезінде Формула-1 командалары зауыттарына оралып, бірнеше бағытта жұмыс жүргізуде:

  • болидтердің әлсіз тұстарын талдау
  • жаңа техникалық жаңартулар дайындау
  • аэродинамикалық тесттер жүргізу
  • деректерді қайта өңдеу және стратегияларды түзету.

Маңыздысы бұл кезеңде командаларға жұмыс істеуге шектеу жоқ. Жазғы немесе қысқы демалыс сияқты толық үзіліс болмайды, сондықтан инженерлік бөлім толық қуатта жұмыс істейді.

Командалар рұқсат етілген бюджеттегі 215 миллион долларды пайдаланып тиісті аэродинамикалық сынақ шектеулері бойынша дамуға назар аудара алады. Мысалы, McLaren басшысы Андреа Стелланың айтуынша, бұл үзіліс командаға қысқа мерзімде туындаған мәселелерді түзетуге мүмкіндік береді. Ал Williams үшін бұл уақыт аса маңызды, өйткені маусым басында олардың болиді бәсекелестерден қарағанда баяу болды.

"Осы үзілістің әр сағаты бізге Майамиге оралғанда толық жауынгерлік дайындықта болу үшін қажет. Пилоттар Ұлыбританияға оралады, біз симуляторды мүмкіндігінше күн сайын қолданамыз", — деді Williams командасының жетекшісі  Джеймс Воулз.

Пилоттар немен айналысады?

Жарыс болмағанымен пилоттар толық демалып жатқан жоқ. Көпшілігі:

  • симуляторда жұмыс істейді
  • инженерлермен бірге баптауларды талқылайды
  • физикалық дайындықты күшейтеді

Кейбір жүргізушілер трекке де шығады. Мысалы, дөңгелектерді сынау үшін арнайы тесттерге  Mercedes және McLaren қатысады. Сонымен қатар, кейбір жұлдыздар басқа жарыстарда өздерін сынап көруі мүмкін. Мәселен, Макс Ферстаппен GT3 жарыстарына қатысуды жоспарлап отыр.