ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

"Формула-1" өзгерістері : Хаджардың жарақаты мен Сайнстың жаңа келісімшарты

Нидерланд Гран-приі алдында Ред Булл командасының пилоты Исаак Хаджар жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмайтыны белгілі болды.

"Формула-1" өзгерістері : Хаджардың жарақаты мен Сайнстың жаңа келісімшарты
Sprint / Kym Illman

Хаджарды Лоусон алмастырады

Алдын ала ақпарат бойынша, Ред Булл сапында Хаджардың орнына Рейсинг Буллз командасының жаңа зеландиялық пилоты Лиам Лоусон шығады. Ал Лоусонның орнын Ред Булл-дың резервтегі пилоты, жапониялық Юки Цунода басады. Командалар әзірге құрамдағы өзгерістерді ресми түрде жариялаған жоқ.

Хаджардың жарақатты бокс жаттығуы кезінде алғаны хабарланды. Осы маусымда француз пилоты 11 жарыстың жетеуінде үздіктер қатарынан көрініп, 7 маусымда өткен Монако Гран-приінде төртінші орынға ие болды.

“Формула-1” чемпионатының кезекті кезеңі 21-23 тамыз аралығында Нидерландтың Зандворт қаласында өтеді. Негізгі жарыс 23 тамызға жоспарланған.

Сайнс Williams сапында қалды

Сонымен қатар Уильямс командасы испаниялық пилот Карлос Сайнспен көпжылдық келісімшартқа отырғанын жариялады. Келісімнің нақты мерзімі әзірге ашық айтылған жоқ.

31 жастағы Сайнс Уильямс сапында 2025 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін ол Феррари, Макларен, Торо Россo командаларында жарысқан. Испаниялықтың қоржынында қазір төрт жеңіс пен 29 жүлделі орын бар.

Алдағы Нидерланд Гран-приі маусымның маңызды кезеңдерінің біріне айналмақ. Хаджардың сайысқа қатыспауы Red Bull мен Racing Bulls командаларының жарыс алдындағы құрамына тікелей әсер етпек.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.