Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Бұл көлік жылдамдығын 60 км/сағ және одан жоғары асырған жүргізушілерге қатысты.
Әкімшілік кодекстің 592-бабына өзгеріс еніп, «3-1» тармағы қосылды және 4 желтоқсаннан бастап күшіне енді. Белгіленген шектен 60 км/сағ және одан жоғары жылдамдықпен жүрген жүргізуші 40 АЕК (2024 жылы 147 680 теңге) мөлшерінде айыппұл арқалайды, деп жазады Kolesa.kz.
Сонымен қатар 4 желтоқсаннан бастап тасжолдарда орташа жылдамдықты тіркеу басталды және күндіз шам жағуды ұмытып кеткен жүргізушілерге қатысты ереже өзгерген.
«Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес, көлік құралын басқару құқығы жоқ және ешқашан жүргізуші куәлігін алмаған тұлға көлікті мас күйінде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде) басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылса, 7 жыл жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға жіберілмейді.