LRT құрылысына алғашқы рельс төселді
Ұзындығы әзірге жарты шақырым ғана.
LRT құрылысына алғашқы рельс төселді. CTS компаниясының хабарлауынша, оның № 116 және № 117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде рельс жолының алғашқы 500 м төсеу аяқталған.
"Бұл сынақ кезеңі қысқы ауа-райының LRT жоғарғы құрылымының жай-күйіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Рельс жолы арматуралық жақтау, шпалдар, рельстер және бекіткіштерден тұрады. Эстакаданың жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды және оның бүкіл ұзындығына қос жол салынады", - делінген компания хабарламасында.
Айта кетейік, жылы кезеңнің басталуымен эстакаданың барлық ұзындығына рельстерді төсеу басталады. Бұл жұмыс жоспар бойынша 2025 жылы аяқталуы тиіс.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.