Honda мен Nissan бірігу туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Редактор Penalty.kz
22.12.2024, 16:38

Бұларға Mitsubishi қосылуы мүмкін.

Honda мен Nissan бірігу туралы келіссөз жүргізіп жатыр
kolesa.kz

Екі ірі автоөндіруші бірігуді жоспарлап отыр. Nikkei басылымының мәліметінше, Nissan мен Honda арасында келіссөз басталып кетті. Mitsubishi де бұған қызығушылық танытқан сияқты. Келісім жүзеге асса, әлем автоөнеркәсібінде жаңа концерн пайда болады. Ол өндіріс көлемі бойынша Hyundai — Kia-мен теңесіп, үштікке кіруі ықтимал.

Келісім аясында Honda, Nissan, Mitsubishi-ден бөлек Acura мен Infiniti қосылады. Бұл Stellantis концерні құрылғаннан кейінгі ең ірі оқиға болмақ.

Альянстың құрылуына басты себеп — Қытайдағы бәсекелестерге қарсы тұру. Біртұтас холдинг шеңберінде бірлескен жұмыс барлық компанияға ресурстар әзірлеп, оны сатып алғанда үнемдеуге, өндіріс көлемін ұлғайтуға және операциялық шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Ал Nissan қаржылық жағдайын жақсарта алады. Бұған дейін компания табысы төмендеп, өндіріс көлемі қысқарғанын және мыңдаған маманды жұмыстан шығаруға мәжбүр болғанын хабарлаған еді.

Honda мен Nissan әзірге қосылатындарын растамағанмен, келіссөз жүргізіп жатқандарын жоққа шығармады. Бірақ қос компания басқа мәселе бойынша кездесуі мүмкін. Жазда олар жаңа технология әзірлеу саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

Nissan-ның ірі акционері Renault да үнсіз отыр. Бірақ Apple гаджеттерін құрастыратын Тайваньдағы Foxconn концерні пікір білдірді. Ол бірнеше жылдан бері автоөндіруші болуды көздеп, концептілерін таныстырғанымен, сериялық өндіріске шығармады. Тайваньдықтар Nissan-ның үлесін сатып алу арқылы жапон фирмасының ресурстарына, соның ішінде автомобиль әзірлеу мүмкіндігіне және өндірістік қуатына қол жеткізе аламыз деп есептейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір