Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Ағымдағы жылы елімізде 12 мың шақырым жол жаңарып, рекордтық көрсеткіш тіркелген.
Биыл елімізде 12 мың шақырым жол жаңарып, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Оның 8 мыңы республикалық желі, 4 мыңы жергілікті желі.
Бұқтырма су қоймасының үстінен өтетін 1300 метрлік көпір, Түркістан облысы Шақпақ баба асуынан өтетін 850 метрлік тунель, Алматы облысы Шамалған станциясындағы 6 шақырымдық жол айрығының құрылысы аяқталды.
Сонымен қатар, "Алматы – Астана", "Талдықорган- Қалбатау -Өскемен", "Атырау-Астрахань" және "Ақтөбе – Қандыағаш" трассалары пайдалануға берілді.
Өз кезегінде "Қазавтожол" компаниясы биылғы 11 айда ақылы жолдардан 48 млрд теңге табыс тапқан. Көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 15 пайыз көп.