Мопед тіркеу қаңтарда басталады

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл шара жоспарланған мерзімнен үш ай бұрын жүзеге асады.

Мопед тіркеу қаңтарда басталады
ulysmedia.kz

Kolesa.kz редакциясына Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов қос дөңгелекті көлікті есепке қою процесі биыл қаңтардың екінші онкүндігінде басталатынын хабарлады. Билік тіркеу шарттары мен заңды негіздер туралы ресми түсіндірме жариялайды.

Мопедке нөмір тағуды міндеттейтін заңға қосылған өзгерістер биыл сәуірде күшіне енеді. Бірақ былтыр қарашада полиция арнайы ХҚКО құжат беруді ерте бастайтынын мәлімдеген.

Ішкі істер министрлігі тіркеу процесін барынша жеңілдетуге уәде берді. Олар техниканың қылмысқа қатысы бар-жоғын алдын ала тексеріп, VIN нөмірі бар болса құжатқа енгізіп, жоқ болса оны рамаға басып береді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір