Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Компания мәліметінше автоөндірушілер жаңа өнімді сатып алуға мәжбүр болады.
Goodyear компаниясы SightLine деп аталатын технологияны таныстырды. Ол жүргізуші ассистенттерінің жұмысын тиімді етеді. Негізгі идея — шинаға жол төсемінің түрін анықтауды үйрету және борттық электроникаға ықтимал қауіп барын алдын ала ескерту. Бұл әзірлеме АҚШ-тағы шұғыл тоқтау жүйесін міндетті түрде орнату туралы талқылау аясында жасалған, деп жазады kolesa.kz.
Бренд қазіргі электронды көмекшілердің тиімділігі төмен, себебі олар жол төсемінің түрін ескермейді дейді. Мамандар электрониканы көбінесе құрғақ асфальтқа қарай баптайды, сондықтан шұғыл тоқтау функциясы дымқыл немесе тайғақ жолда кеш іске қосылады. Бұл апат болғанда ауыр жарақат алу мен зақымдану қаупін арттырады.
Goodyear дөңгелектерді ілініс коэффициентін анықтайтын сезгектермен жабдықтауды ұсынады. Олар электронды басқару жүйесіне хабарлайды, ал жүйе тежеуіш механизмдерін алдын ала іске қосады. Дымқыл жолда өткен сынақта бұл әзірлеме тиімді болып шықты, өйткені 80 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықта апатты жеңілдетуге мүмкіндік береді.
АҚШ-тағы Ұлттық жол қауіпсіздігі әкімшілігі жақында автоөндірушілерден 2029 жылдан бастап көлікке шұғыл тоқтау жүйесін міндетті түрде орнатуды талап етті. Бұл жүйе 100 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықта келе жатқан машинаны толық тоқтатады, 145 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықта соғылу қаупі туындаса, тежеуішті автоматты түрде іске қосады, 72 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықта жаяу жүргіншіні қақпау үшін әрекет етеді.
Бұл сала өкілдерінің наразылығын тудырды. Олар қазіргі технология талапты толық орындауға мүмкіндік бермейді деп мәлімдеді. Жүргізуші ассистентін талапқа сай баптаса, көлік қымбаттап, апат саны артуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше электроника тежеуішті ерте басқанда, арттан соққы алу қаупі артады. Автоөндірушілер альянсы биліктен мұны қайта қарауды сұрады, ал Goodyear биліктің қысымымен автоөнеркәсіп жаңа әзірлемені пайдалануға мәжбүр болады деп үміттенетін сияқты.