Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
ҚР Көлік министрі 2025 жылғы 9 қаңтардағы "Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қызылорда – Арал учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрыққа қол қойды.
Белгілі болғандай, II санаттағы Ресей Федерациясы шекарасы (Самара) – Шымкент республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Қызылорда – Арал 1806+000 – 1351+150 километр учаскесі ақылы негізде пайдаланылады. Бұл туралы zakon.kz жазады.
Бұл ретте, келесі баламалы жолдар арқылы жүруге болады:
Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –1806+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –1351+150 км;
Автомобиль жолындағы қозғалыс жолағының саны – екі бағытта – бір жолақ;
Ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 454 км 850 метр;
Сондай-ақ, жолдың ақылы учаскесі бойынша жол жүру ставкалары бекітілді.
Сонымен, ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері:
2025 жылы 1 АЕК 3 932 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, айлық және жылдық жол жүру ақысы қарастырылған.
Бұйрық 2025 жылдың 26 қаңтарынан бастап енгізіледі.