Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Өскемен - Риддер жолының құрылысы неге созбалаңға салынып кетті

Редактор Penalty.kz
18.01.2025, 22:31

Өскемен мен Риддер қалаларының арасындағы жаңа жол құрылысының аяқталуын халықтың күтіп жүргеніне 3 жыл өтті. 

Өскемен - Риддер жолының құрылысы неге созбалаңға салынып кетті
infor.kz

Бұл туралы KAZINFORM.KZ жазады.

Жаңа жол не үшін керек?

Бұл жол туристер үшін де, жергілікті жұрт үшін де маңызды. Осы жолдың арқасында соның бойындағы Тарханка мен Топиха ауылдарын дамытуға мүмкіндік жасалмақ. Бірақ ең бастысы - жолға шыққандар Өскеменге әлдеқайда тезірек жететін болады. Қалалар арасындағы қолданыстағы көлік жолы 105 шақырым. Бір жақтан екіншіге жету үшін 2 сағат уақыт кетеді. Ал жаңа жол іске қосылса, бұл уақыт 1 сағатқа дейін қысқарады.

"Жаңа жолдың салынып бітуін тағатсыздана күтіп жүрміз. Өзім Риддер дүкендеріне Өскеменнен азық-түлік тасимын. Сол үшін екі жаққа тезірек жетіп отырсам деймін. Көбірек рейс жасасам, табысым да артады. Оның үстіне облыс орталығында жұмыс істейтін достарым да көп", - дейді Риддер қаласының тұрғыны Андрей Тарасов.

Бұдан бөлек, жаңа жол Қазақстан, Ресей және Моңғолияны байланыстыратын халықаралық бағыттың бір бөлігіне айналмақ. Бұл жоба жүк және жолаушылар тасымалын айтарлықтай жеңілдетеді.

Құрылыс тоқтап қалған

Соңғы 2 жылда жаңа жолдың жобасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, жұмыс көлемі мен мердігер де анықталды.

"Өскемен-Тарханка-Топиха-Черемшанка" жолының жобасында 14,5 шақырымдық жаңа жол салу және қалған бөлігін қайта жаңғырту қарастырылған. Сондай-ақ Үлбі арқылы көпір салу, Тарханкадан өте бергендегі көпірді жөндеу, Черемшанка мен Тарханка аумағындағы екі өтпежолды жөндеу жоспарланып отыр. Жолдың теміржолға жақын жерінде бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу керек. Бұл туннель салуға қарағанда арзанға түседі, - дейді ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Жоба дайын болып, мердігер ретінде "Kurylys Group RK" компаниясы бекітілгенімен құрылыс жұмыстары сол күйі басталмады. Бұған себеп – қажетті қаржының бөлінбеуі.

"Жобаның құны – 38,3 миллиард теңге, оның 90 пайызы республикалық, 10 пайызы облыстық бюджеттен бөлінуі тиіс. Республикадан бұл қаражатты бекітпейінше жұмысты бастау мүмкін емес", - дейді Н.Жұмаділов.

Құрылыс жұмыстары 21 айға созылады деп жоспарланған. Бірақ нақты қашан басталатыны белгісіз. Әзірге жаңа тасжолдың құрылысы кейінге шегеріліп, қолданыстағы жолға ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бұл жұмыстардың жалпы құны 11 миллиард теңгеден асады. 2024 жылы алғашқы 30 шақырымды жөндеуге 3 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Басқа учаскелер бойынша да жөндеу қарқынды жүргізілуде. 2025 жылға дейін осы жұмыстарды толықтай аяқтау жоспарланған", - дейді "ҚазАвтоЖол" АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұрбек Темірханов.

Түйіні тарқатылмаған түйткіл

Жаңа жол салынса да, ескісі жөнделсе де, бір маңызды мәселе шешімін таппайды. Риддерліктер Козлушка асуын айналып өтетін жол салуды сұраған. Бұл жердің ең биік нүктесі қыста жолға шыққандардың сапарын қиындатып тұр. Әсіресе өрге шыға алмайтын жүк көліктеріне ауыр.

"Козлушка асуын айналып өту үшін Риддердегі Ульбастрой станциясына шығатын жол салу керек. Ол үшін Топиханың оң жағына шығуға тура келеді. Ал онда ну орман, биік таулар мен су қорғау аймағы орналасқан. Яғни, көптеген рұқсат қағаздарын алу қажет болады. Сондықтан жоба қымбатқа түседі. Әрі оны іске асыру ұзаққа созылады", - деп түсіндірді Нұржан Жұмаділов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір