Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Алматыда бір скутер мемлекеттік нөмір алды.
2023 жылы басталған шара мәресіне жетті десе болады. 20 қаңтарда скутер мемлекеттік нөмір алды, деп жазады kolesa.kz. Алматы Әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының бастығы Айдын Меркімбаевтың айтуынша, бұл 11 қаңтарда күшіне енген ІІМ-нің пилоттық жобасы аясында жүзеге асты.
Шағын көлемді мототехниканы тіркеу үшін оның иесінде мынадай құжаттар қажет: жеке куәлік немесе оның цифрлық нұсқасы, техникалық құжат (бар болса) немесе мопедтің сипаттамасы туралы мәлімет (ашық дереккөзден алынған мәлімет). Арнайы ХҚКО-да өтініш толтырып, көлік құралын тексеруден өткізіп, мемлекеттік баж төлеу керек.
Тіркеу ережесіне және «Жол жүрісі туралы» заң мен Әкімшілік кодекске енген түзетулер 5 сәуірден бастап ресми түрде күшіне енеді. Осы күннен бастап моторының көлемі 50 текше см-ге дейінгі мопед ресми түрде механикалық көлік құралымен теңеседі. Демек оны басқару үшін А1, А немесе В категориясындағы куәлік болуға тиіс және мемлекеттік нөмір, сақтандыру, техникалық тексеруден өткені туралы құжат қажет болады.