Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Көлікті ұзақ қыздыру: ішкі істер органдары жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді

Редактор Penalty.kz
25.01.2025, 17:50

Автокөлік қозғалтқышын ұзақ қыздырып тұрғандарға айыппұл салуға қатысты мәселе қоғамда қызу талқыланып жатыр. 

Көлікті ұзақ қыздыру: ішкі істер органдары жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді
фото ашық дереккөздерден алынды

Негізі бұл норманың қабылданғанына біраз жыл болған. Осы орайда, Ішкі істер министрлігі мәселеге қатысты түсінік берді.

ІІМ жаппай айыппұл (аталған норма бойынша) салуды көздемейді. Құқық бұзу деректеріне қатысты азаматтардан шағым түскенде ғана сол бойынша заңды шара қабылданады, - деп жауап берді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомствоның мәлімдеуінше, шараның негізі мақсаты – қоғамдық тәртіптің сақталуы.

"Көлікті бес минуттан артық қыздыру деген - шартты ұғым. Ең біріншіден, адамдар «тыныштығымызды бұзды, жарты сағаттан бері көлігінің қозғалтқышын дарылдатып мазамызды алды» деп шағымдануы мүмкін. Сондай жағдайда тыныштықты бұзғаны үшін белгіленген ережелерге сәйкес шара қолданылады. Мұндағы мақсат - ортақ қоғамдық тәртіпті сақтау, халықтың тыныштығын қорғау", - деп түсіндіреді министрліктен.

Қолданыстағы Жол қозғалысы қағидасының 88-тармағы 5-тармақшасына сәйкес, тұрғын пунктілерінде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлік құралдарының тұрғындарға қолайсыздық тудырып тоқтап тұруына тыйым салынады. Осындай талап ЖЖҚ-ның 17-бөлімінің 122-тармағы 4-тармақшасында да көрсетілген.

"Бұл - жаңа норма емес. Ол Жол жүрісі қағидасында 20 жылдан астам уақыттан бері бар. Егер көлік құралы тоқтап тұрған кезде қозғалтқышы 5 минуттан артық жұмыс істеп, тұрғындарға қолайсыздық тудырса, бұл жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың құрамына сәйкес қарастырылады. Ішкі істер органдары аталған құқық бұзушылық үшін азаматтарға жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді. Көрсетілген бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс азаматтардың шағымдары түскен кезде ғана, куәгерлер құқық бұзушылық туралы фотосы мен бейнематериалдарын ұсынған жағдайда ғана қозғалады", - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Еске салсақ, таяуда Мәжілістің жалпы отырысында депутат Серік Ерубаев қатты аязды күндері автокөлікті жылытуға 5 минуттан көп уақыт кететінін айтты. Осы орайда ол көліктің қозғалтқышын ұзақ қыздырғаны үшін айыппұл салу нормасы қисынсыз екенін атап өтті.

Айта кетейік, осы норма аясында айыппұл 5 АЕК сомасында қарастырылған. Ал осы талапты қайтадан бұзғандарға 10 АЕК айыппұл салынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір