Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Биыл ақылы жолдардағы тариф өзгере ме?

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 15:35

Биыл Қазақстан аумағында қандай ақылы жолдар пайда болады? Ақылы жолдардағы тариф өзгере ме?

Биыл ақылы жолдардағы тариф өзгере ме?
sputnik.kz

Бұл сұрақтарға ҚР Көлік министрлігі жауап берді.

"Қазір ел бойынша жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырым 17 ақылы учаске жұмыс істеп тұр. Ақылы жолдар желісін одан әрі дамыту аясында жалпы ұзындығы 2,2 мың шақырым болатын тағы 10 учаскені енгізу жоспарланған. «Балқаш – Бурылбайтал» (91 км) автомобиль жолында жеңіл автомобильдер мен жүк автокөліктері үшін ақы алу қарастырылған. «Ақтөбе – Орынбор» (83 км), «Қостанай – Троицк» (163 км), «Қызылорда – Арал» (455 км), «Ақтау – Бейнеу» (454 км), «Қостанай – Денисовка» (169 км), «Үшарал – Достық» (180 км), «Қандыағаш –Мақат» (385 км), «Тараз қаласын айналып өту» (57 км) және «Шу – Бурылбайтал» (184 км) сынды учаскелерде төлем тек жүк көліктерінен алынады", - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, биыл еліміздегі автожолдардың ақылы учаскелеріндегі тарифтер орта есеппен 30 пайызға өсуі жоспарланған. Тарифтерді көтеруден түскен қаражат жолдарды күтіп-ұстауға, жаңа арнайы жол техникасын сатып алу шығыстарын жабуға, сондай-ақ автожол инфрақұрылымының нормативтік жағдайын қамтамасыз етуге бағытталады.

"Жергілікті тұрғындарды қолдау үшін 15 пайызға дейін жеңілдіктер, абонементтер сатып алу мүмкіндігі, сондай-ақ тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобустар үшін төлемнен толық босату сияқты шаралар қарастырылған. Ақаулары бар учаскелерде жөндеу аяқталғанға дейін ақы алынбайды. Тарифтерді көтеру қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолдардың сапасын жақсартуға және елдің автожол инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған. Бірінші кезекте аталған шара транзиттік көліктерге қатысты болады, яғни тиісті қадамдар ақылы жолдардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп аталып өткен министрлік мәліметінде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір