![97 жастағы автомеханик әлемдік рекорд орнатты](https://penalty.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/04/67a18ca10f171649962273.jpeg)
Қарт кісі Гиннес рекордтар кітабына енді.
Фабио Саббиони есімді Италия азаматы әлемдегі ең қарт автомеханик ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның жасы 97-де.
Фабионың айтуынша, бұл жұмысты 1946 жылы 19 жасында бастапты. Ал 1958 жылы досымен бірге автокөлік шеберханасын сатып алған.
"Мен қажет болған жағдайда ғана зейнетке шығамын. Қолымнан келгенше жұмыс істей бермекпін", - дейді механик.
Айта кетейік, Фабио 2022 жылы ғана әлемдегі ең егде автомеханик ретінде рекорд орнатқан болатын. Араға бірнеше жыл салып, ол өзінің рекордын қайта жаңартып отыр.
"Бақытыма орай, мен жас көрінемін! Клиенттер менің 100 жасқа жақындағанымды білгенде таңғалады!" - дейді ер адам.
Фабио Саббиони 1927 жылы 27 қазанда дүниеге келген. Ол әлі күнге дейін сынған көліктерді алып кету үшін эвакуаторға өзі барады.