![Биыл ақылы жолдар тарифі көтеріледі](https://penalty.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/06/67a4a55e5d156884447277.jpg)
Бағаның өсуі тасжолға байланысты болады.
Биыл Қазақстандағы ақылы жолдар төрт есе қымбаттамайды. Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, бұл ақпарат – жалған.
«Ақылы жолдар төрт есе қымбаттайды деген ақпаратты толығымен жоққа шығарамын. Бұл қате ақпарат», - деді Қарабаев Үкімет отырысында.
Соған қарамастан, елдегі ақылы жолдар тарифі біршама өспек. Ведомство басшысы бағанының өсетінін жасырмады.
«Бағаның өсуі жолға байланысты болады. Бір учаскелерде баға 30 пайызға, басқаларында 40 пайызға көтеріледі. Жалпы ақылы жолдар біртіндеп қымбаттайды. Бірақ тасжолға жақын тұратын және сол жолмен үнемі жүретін елді мекен тұрғындары үшін абоненттік төлем қарастырылған, жылына 3000 теңге», - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Бұдан бөлек, Марат Қарабаев үкімет отырысында ақылы жолдардан 100 миллиард теңге табыс табу көзделіп отырғанын да жеткізді.