Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

5 сәуірден бастап жаңа жүк көліктері техбайқаудан өтпейді

Редактор Penalty.kz
13.02.2025, 21:00

Заңды тұлғалар шыққанына бір жыл толмаған жеңіл автомобиль, жүк көлігі, автобус және тіркемеге диагностикалық карта алмайды.

kolesa.kz
kolesa.kz

Көлік министрлігі міндетті техникалық тексеріс өткізу ережесіне өзгеріс енгізіп жариялады. Бұл туралы kolesa.kz жазады. Құжатқа сай көлік құралы мына кезеңдерде тексерістен өтуі қажет:

12 ай сайын — шыққан жылын қоса алғанда 7 жылдан асқан, транспорт саласында кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы, N1-3 (жүк көлігі — Kolesa.kz ескертпесі), О1-4 (тіркеме), L1-7 (мотоцикл, мопед және т.б.), сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналмаған, шыққанына бір жылдан асқан арнайы мақсаттағы көлік құралы;

6 ай сайын — транспорт саласында кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын М1 санатындағы, адам тасуға арналған М2, М3, N санатындағы, сондай-ақ шыққанына бір жылдан асқан қауіпті жүк тасуға арналған М1, N1-3 және О1-4 санатындағы көлік құралы.

Түзету биыл 5 сәуірде күшіне енеді. Сол күннен бастап Қазақстанда жаңа көліктер тіркелгеннен кейін бірден техникалық тексерістен өтетін ереже өзгереді.

Бірақ ережеге енген қатаң талап та бар. Норма күшіне енген соң Техбайқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі операторы «көлік құралын пайдалануға тыйым салынған ақау пайда болған жол апатынан кейін» диагностикалық картаны жояды. Жол апаты болғанда көбіне жарық техникалары бүлінеді, шамда, стоп-сигналда немесе бұрылыс шамында ақауы бар машинамен жолға шығуға болмайтынын ескерсек, әр оқыс оқиғадан кейін диагностикалық картаны жоюға тура келеді.

Бұл қалай жүзеге асатыны белгісіз. Техбайқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне бүлінген көлік туралы ақпарат жіберу жол полициясының міндетіне жатпайды. Мұны сақтандыру комиссары да істемейді. Болашақта машинаның жол апатына түскені және бүлінген жері туралы барлық деректі электрондық паспортқа енгізу жоспарланып отыр. Бірақ бұл жұмысты кім, қашан және қалай істейтіні беймәлім.

Жол ережесінде диагностикалық картаны жоққа шығаратын норма бұрыннан бар. Бірақ ол техникалық тексеріс ережесіне сай келмейді әрі жүзеге асыру тәртібі еш жерде белгіленбеген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір