
Жаңа заң нормасы 5 сәуірден бастап күшіне енеді.
Тура бір айдан кейін скутерлер механикалық көлік құралы санатына кіреді. Бұл өзгеріс «Жол жүрісі туралы» заң мен Әкімшілік кодекске енгізілген бірнеше жаңа нормамен реттелмек. Бұл туралы Kolesa.kz хабарлады.
Жаңа нормаларға сәйкес:
Полиция қызметкерлері бұл талаптарды орындауға ерте қамданып, 20 қаңтардан бастап мопедтерді есепке ала бастаған.
Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, қазір Алматыда 2013 мопед нөмір алған. Алайда, басқа өңірлердегі жағдай туралы ақпарат жоқ.
Алматыда шамамен 50 мыңға жуық скутер жүргенін ескерсек, бұл көрсеткіш өте төмен. Бұл мәселе тәртіп сақшыларының назарында.
5 сәуірден кейін мопедін тіркемеген немесе А1 категориялы жүргізуші куәлігінсіз скутер басқарған азаматтарға қатаң шаралар қолданылады.
Полиция қызметкерлері мопед иелеріне жаңа талаптарды орындап, тіркеу рәсімін аяқтауға және жүргізуші куәлігін алуға кеңес берді. Ережені сақтамаған жағдайда, мопедтер айыптұраққа жіберіліп, айыппұл салынатыны туралы ресми ескерту жасалды.