Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жол ережесінде жаңа өзгеріс: Айыппұл көлемі артты

Редактор Penalty.kz
13.03.2025, 18:00

Сонымен қатар, кейбір ережебұзушылықтар үшін жаза күшейтілді. 

kolesa.kz
kolesa.kz

Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне енгізілген жаңа нормалар күшіне енді. Бүгін, 13 наурыздан бастап айыппұл мөлшерлері көбейіп, кейбір ережебұзушылықтар үшін жазалар күшейтілді. Бұл туралы kolesa.kz хабарлады. 

Жүргізушілерге қандай өзгерістер бар?

  • Егер жолаушы жүріп келе жатқан көлік салонының сыртында отырса немесе терезе, люк арқылы басын шығарса – жүргізушіге 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл салынады.
  • Жолаушы өзі осындай әрекет жасаса – 10 АЕК айыппұл арқалайды.

Бұл өзгерістер көбіне мектеп бітірушілердің "Гулянка" дәстүріне және той кортежіндегі қауіпті әрекеттерге байланысты енгізілген.

Фото: golos-naroda.kz

Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілер үшін жазалар күшейтілді

  • Егер мүгедектігі бар жүргізуші қарсы жолаққа шықса – 30 АЕК (103 500 теңге) айыппұл салынады. 
  • Егер жүргізуші қарсы жолаққа шығып, жол апатын жасаса (зардап шеккендер болмаса да), 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылады.
Фото: kolesa.kz
  • Егер жүргізуші жедел жәрдем немесе арнайы қызмет көлігіне жол бермесе, айыппұл 7 АЕК-тен 20 АЕК-ке (69 000 теңге) көтерілді.
  • Бір жыл ішінде екінші рет ереже бұзылса – 40 АЕК (138 000 теңге) айыппұл төлеуі қажет.
Фото: kolesa.kz

Теміржол өткелінен өту ережесі қатаңдатылды

  • Шлагбаум жабық кезде теміржолға шығып кеткен жүргізушілерге айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде белгіленді. Бұрын бұл 10 АЕК болатын.
  • Егер бұл әрекет жол-көлік оқиғасына немесе материалдық шығынға әкелсе, жүргізуші 9 айға куәлігінен айырылады.
Фото: kolesa.kz

Автотұрақ ақысын төлемегендер үшін айыппұл мөлшері өзгерді

  • Бірінші рет төлемегендер үшін – 1 АЕК (3 450 теңге) айыппұл.
  • Бір жыл ішінде қайталаса – 2 АЕК (6 900 теңге).

Жол апаты жасаған жүргізушілер үшін айыппұл өзгерді

  • Егер жол апаты болып, ешкім зардап шекпесе, жүргізуші 20 АЕК (69 000 теңге) айыппұл төлейді. Бұрын бұл 15 АЕК немесе 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы болатын.
  • Бір жыл ішінде екінші рет жол апатына түссе немесе оқиғада зардап шеккендер болса, 9 айға көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Ал 1 қыркүйектен бастап жаңа жаза түрі енгізіледі. Атап айтқанда, жол ережесін бұзған жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қоғамдық жұмысқа жұмылдырылады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір