Қазақстанда көлік иелеріне қатаң шаралар күтіп тұр: салығы өтелмегендерге пеня есептеледі
2 сәуірден бастап ескерту хаттары жіберіледі.
2-сәуірден бастап Қазақстанда көлік салығын уақытында төлемеген азаматтарға қатысты ескерту хаттары таратыла бастайды. 2024 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін белгіленген. Осы күннен кейін әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Бұл туралы Finratings.kz порталы хабарлады.
Салықты төлемесеңіз не болады?
- Салық төленбеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептеледі.
- 30 жұмыс күні өткен соң салық қызметі қарыз туралы ресми ескерту жібереді.
- Одан кейін салықтық бұйрық шығып, қарызды мәжбүрлеп өндіру процесі басталады.
Көлік салығы қалай есептеледі?
Салық мөлшері көлік қозғалтқышының көлеміне және АЕК (МРП) көрсеткішіне байланысты. 2024 жылы 1 АЕК мөлшері – 3 692 теңге.
Негізгі ставкалар:
- Қозғалтқыш көлемі 3 000 см³ дейін: 1–9 АЕК (3 692 – 33 228 теңге).
- 3 000–4 000 см³ дейін, 2014 жылға дейін әкелінген: 15 АЕК – 55 380 теңге.
- 4 000 см³ жоғары, 2014 жылдан кейін шығарылған немесе әкелінген: 117–200 АЕК (431 964 – 738 400 теңге).
Қосымша есеп:
Егер қозғалтқыш көлемі 1 500 см³-ден асса, әрбір артық 1 см³ үшін 7 теңге қосылады.
Мысал:
Авто – 2 799 см³
Базалық ставка (9 АЕК): 33 228 теңге
Артық көлем: 2 799 – 2 500 = 299 см³ × 7 = 2 093 теңге
Жалпы салық сомасы: 35 321 теңге
Салықты қалай төлеуге болады?
Салықты төлеу үшін:
- e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы немесе
- Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы калькуляторды пайдаланыңыз.
Төлем жасау үшін қажет деректер:
- Автокөліктің VIN-коды (17 таңба)
- КБК: 104402
- КНП: 911 (негізгі төлем үшін), 912 (өсімпұл үшін)
Егер көлік иелігіңізде болмаса (мысалы, ұрланған болса), тиісті дәлелді құжаттар ұсынылуы тиіс.
Назар аударыңыз!
- 1 сәуірден кейін төлем жасалмаған жағдайда, өсімпұл әр күн сайын өсіп отырады.
- 30 жұмыс күнінен кейін – ескерту хаты,
- Содан соң – мәжбүрлі өндіріп алу.