Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Астана әуежайында 7 тілде сөйлейтін такси жүйесі іске қосылды

Сарапшы, спорт журналисі
10.04.2025, 10:03

Жобаны Туризмді дамыту орталығы мен жеке инвесторлар жүзеге асырған. 

Elordainfo.kz
Elordainfo.kz

Астанадағы халықаралық әуежайда тәулік бойы жұмыс істейтін жаңа такси шақыру жүйесі іске қосылды. Жоба Astana Tourism туризмді дамыту орталығы мен жеке инвесторлардың қолдауымен жүзеге асқан. Бұл қызмет туристер мен қала тұрғындарына ыңғайлы әрі қауіпсіз тасымал ұсынуға бағытталған.

7 тілде қолжетімді жүйе

Такси шақыру терминалдары қазақ, орыс, ағылшын, қытай, испан, француз және түрік тілдерінде жұмыс істейді. Құрылғыдан бағытты таңдап, банк картасы арқылы төлем жасауға болады. Экранда көлік жайлы толық ақпарат шығады, ал такси екі-үш минут ішінде келіп жетеді.

"Әуежай – қала туралы алғашқы әсер қалдыратын орын. Сондықтан туристерге қолайлы, қауіпсіз әрі әділетті баға ұсынылатын жүйе қажет болды", – деді Astana Tourism туризмді дамыту орталығының өкілі.

Қазіргі таңда әуежайда үш құрылғы халықаралық терминалда, біреуі ішкі бағыттар ғимаратынад қызмет көрсетуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір