Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

50 мың адам! Жұрт Джей Лоның Астанадағы концертіне билет ала алмай әлек

Редактор Penalty.kz
11.04.2025, 16:00

Дженнифер Лопестің концертіне билет сатылымы жарияланған сәтте сайт адам нөпіріне шыдай алмай істен шыққан. 

NewTimes.kz
NewTimes.kz

1 тамызда Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концерті нағыз мегашоуға айналатынына еш күмән жоқ. Бүгін таңертеңгі билет сатылымы бұл пікірді дәлелдеді: алғашқы минуттарда-ақ 50 мыңнан астам адам сайтқа лап қойып, билет алуға тырысты. Бұл – "Астана Арена" сыйымдылығынан екі жарым есе көп көрсеткіш. Бұл туралы Qumash телеграм-арнасы хабарлады. 

Фото: t.me/qumash_kz

Онлайн-платформа нөпірге шыдай алмады

Күтпеген жүктемеге шыдамаған билет сататын сайт бірнеше минутта жұмыс істей қалған. Техникалық мамандар виртуалды кезек жүйесін шұғыл іске қосып, пайдаланушыларды браузерді жаппай, кезек күтуге шақырған. Себебі браузердегі терезе жабылса – кезектің соңына қайта тұру қажет болады.

Билеттер бағасы 

Қазіргі уақытта қолжетімді ең арзан билеттердің құны 140 000 теңгеден басталып отыр. VIP-аймақтар мен ортаңғы секторлар әлдеқашан сатылып кеткен. Бұл сома кейбір ҚПЛ матчтарының жылдық абонементінен де қымбат.

Стадион – шоуға ма, спортқа па?

Естеріңізде болса, бұған дейін дәл осы шоу "Астана Аренада" өтетін Конференциялар лигасы ойындарына әсер етуі мүмкін екені айтылған еді. Қос тараптың мүддесі тоғысқан осы бір кезең – отандық инфрақұрылымның дайындық деңгейін де сынап жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 2

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір