Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Димаш Құдайберген Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
11.04.2025, 11:45

Қазақстанның халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген 26 мамырда Алматыда жанкүйерлерімен үлкен фан-кездесу өткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

elorda.info
elorda.info

Димаш бұған дейін тыңдармандарына маңызды мәлімдеме жасайтынын айтып, байланыста болуды сұраған еді. Уәдесінде тұрып, әнші ел алдында арнайы үндеу жариялады.

“Менің туған күнімнің құрметіне, 26 мамыр күні Almaty Arena алаңында “D and Dears” атты фан-кездесу өтеді. Бұл шара Stranger концертіне арналған және оның кинотеатрларға шығуына байланысты ұйымдастырылып отыр!” — деп жазды Димаш.

Оның айтуынша, жанкүйерлерді төмендегідей ерекше сәттер күтуде:

  • шығармашылығы жайлы эксклюзивті деректер;
  • қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен өтетін шоу;
  • бейнебаян мен жаңа әндердің тұсаукесері;
  • сахна сыртындағы оқиғалар және жанды сұхбат.

Әнші сондай-ақ 27 мамырдан бастап “Stranger” шоуы еліміздің кинотеатрларында көрсетілетінін мәлімдеді. Бұл концерт бұған дейін Астанада өткен еді.

“Бұл — Қазақстан тарихында алғаш рет 5.1 көлемді дыбыс және шынайы қатысу әсерімен үлкен экранда көрсетілетін музыкалық шоу! Кездескенше! Сіздерді жақсы көремін”, – деп жазды Димаш.

Желі қолданушылары Димаштың жаңалығын жылы қабылдап, пікірлерде шынайы қуанышын білдірді:

  • “Димаш пен dears-тің шынайы сұхбаты, жаңа әндер мен бейнебаян – бұл тамаша жаңалық!”

  • “Бұл концертті үлкен экранда көру – көптен күткен арман еді. Алматыға арнайы келеміз!”

  • “Супер жаңалық! Осындай кездесу Астанада да болса екен!”

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір