Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Instagram желісінде қазақстандық орындаушылардың әндері пайда болды

Редактор Penalty.kz
11.04.2025, 17:35

Қазақстандық қолданушылар Instagram желісінде отандық орындаушылардың музыкасын қайтадан пайдалана алатын болды.

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Әділет министрлігі Instagram желісінде қазақстандық орындаушылардың музыкасының пайда болуына қатысты жағдайға түсінік берген. Бұл туралы Kazinform жазады. 

"Иә, бүгінде Instagram желісінде жекелеген қазақстандық авторлар мен орындаушылардың музыкалық туындылары пайда болды. Instagram желісіндегі музыкалық мазмұнға қол жеткізу Meta платформасының ішкі саясатына және авторлық құқық иелерімен жасалған келісімдерге сәйкес мерзімді түрде жаңартылатынына назарларыңызды саламыз. Meta ұжымдық негізде құқықтарды басқаратын ұйыммен ғана емес, авторлар мен орындаушылармен немесе олардың өкілдерімен тікелей келісім жасауға құқылы. Осыған байланысты бұл Meta-мен тікелей келісімге отырған авторлық құқық иелерінің шығармалары деп санаймыз", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, бірнеше ай бұрын Instagram әлеуметтік желісінде қазақстандық орындаушылардың музыкалары жоғалып кетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір