Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Делдал сатқан билетпен Джей Ло концертіне кіре алмайсыз: тексеру жұмыстары басталды

Редактор Penalty.kz
12.04.2025, 13:14

Дженнифер Лопес концертіне билет емес, ваучерлер ғана сатылады. Нағыз билет концерт күні жақындағанда электронды поштаға келіп түседі.

womanhit.ru
womanhit.ru

Бұл туралы концертті ұйымдастыратын "Астана концерт" продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

"Астанадағы Дженнифер Лопес концерті рекордты қызығушылық тудырды, билеттер санаулы сағатта сатылып кетті. Енді платформа командасы фейк аккаунттар арқылы жаппай сатып алынған билеттерге тексеру жүргізіп жатыр. Алыпсатарлар OLX желісінде ваучерді еселенген бағаға сатуды бастап кетті", − деп жазды Мәлік Хасенов Instagram желісінде.

Продюсердің айтуынша, бұл кезеңде көрермендер концерт билетін емес, ваучерді ғана сатып алады. Бұл ваучерлер концерт уақыты жақындағанда күшіне енеді.

"Танымайтын адамдардан ваучер сатып алғандар концертке кіре алмай қалуы мүмкін, себебі нағыз билет сатып алғанда көрсетілген электронды поштаға келіп түседі", − деп түсіндірді Хасенов.

Қазір концерт билетін сататын Тикетон.кз командасы күмәнді саудаларды анықтап, күшін жоюмен айналысып жатыр. Барлық техникалық тексеру жұмысы аяқталған соң, босаған орындар ресми сатылымға шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір