Ерке Есмахан RaiM-ның туған күнінде жаңа үйін көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі

Эстрада жұлдызы Ерке Есмахан жұбайы Раймның туған күнін ерекше түрде атап өтті. Өнер иесі бұл қуанышты сәтті Instagram парақшасында бөлісті.

Ерке Есмахан RaiM-ның туған күнінде жаңа үйін көрсетті
Instagram/@erke_esmahan

Әнші әлеуметтік желіде жолдасына арнаған жазбасында: "Жаңа жасын жаңа үйде қарсы алдық", – деп атап өтті. Алайда Ерке бұл үйде өздері тұрмайтынын, баспананың балалары үшін арнайы сатып алынғанын жеткізді.

Жұлдызды жұптың айтуынша, жаңа баспана — болашақ ұлдарына арналып алынған.

"Бұл үйде біз тұрмаймыз. Күйеуім балаларымыз ер жеткенде деп алдын ала қам жасап отыр. Алла сол күнге жеткізсін", – деді ол.

Әнші мерекелік сәтте құттықтап, ізгі тілек білдірген оқырмандарына ризашылығын білдірді:

"Туған күн мен жаңа қоныспен құттықтаған барша жанға алғысым шексіз. Айтқандарыңыз келсін. Жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Мен болсам, өз вилламды күтіп жүрмін. Бәрі уақыт еншісінде. Шүкір", – деп жазды Ерке Есмахан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 1
😂 1
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір