Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Маска таққан адам" әлем чемпионына пәтер сыйлады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
20.04.2025, 12:12

Қазнетте қайырымдылықпен танылған жұмбақ блогер – @chelovekvmaskee, яғни "Маска таққан адам", тағы да жүрек жылытатын қадам жасады. Бұл жолы ол пара армрестлинг төрт дүркін әлем чемпионы Никитаға пәтер сыйлап, оның болашақ арманын жүзеге асыруға көмектесті.

newtimes.kz
newtimes.kz

Никита – спорттағы жетістіктерімен қатар, өмірін өзгелерге арнаған жан. Ол балаларды оңалту орталығында реабилитолог болып жұмыс істейді. Мүгедектігі бар балалармен жұмыс істей жүріп, ол осы істің өзінің өмірлік жолы екенін түсінген.

"Мен өзімді осы салада таптым. Қазақстан туын көтергеніме мақтанамын. Өзім секілді адамдарға көмектескім келеді", – деді Никита.

Никитаның арман-жоспары – өз реабилитациялық орталығын ашып, мүгедектігі бар балалардың өмірін жақсартуға үлес қосу.

" Маска таққан адам" Никитаның оқиғасынан ерекше әсерленіп, оған үлкен көмек көрсетуге бел буды:

  • Пәтер сыйлады — кілтті табыстау сәтінде Никита көз жасын тия алмады;
  • Кореяда емделуін қаржыландырады — спортшының денсаулығына көңіл бөлуді де ұмытпады;
  • Анасына қолдау көрсетеді — отбасы үшін де қамқорлық көрсетті;
  • Реабилитациялық орталыққа инвестиция құяды — Никитаның арманын шындыққа айналдыруға көмектеспек.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 11
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір