Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Мәдина Сәдуақасованың ашық көйлегі желіде қызу талқыланды (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
21.04.2025, 13:16

Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың Instagram парақшасында жариялаған жаңа суреттері желі қолданушылары арасында екіұдай пікір тудырды.

NUR.KZ
NUR.KZ

45 жастағы әнші көгілдір түсті қысқа көйлек киіп түскен суреттерімен көпшіліктің назарына ілікті. Бірі оның сырт келбетіне тәнті болса, енді бірі әншінің бұл образын орынсыз деп сынға алды.

Мәдина Сәдуақасова өзінің парақшасында былай деп жазды:

“Жасың нешеде болса да, әдемі бол!”

Суреттерде әнші жеңіл матадан тігілген көк түсті мини-көйлекпен бой көрсеткен. Киім үлгісін алтын түстес білезіктер мен гүл пішіндес көлемді сырғалар толықтырды.

Жаңа образ желіде қызу пікірталас тудырды. Кейбір қолданушылар әншінің сымбатына сүйсініп, жағымды пікір қалдырса, басқалары оның таңдаған киімін сынады:

  • “Сұлусыз! Керемет көрініс!”
  • “Жасыңыз қаншада болса да, аяқты ашып көрсетудің қажеті жоқ”
  • “Сіздің сұлулығыңыз ештеңемен салыстыруға келмейді”
  • “Ренжімеңіз, бірақ бұл образ сізге жараспайды”
  • “Өте ерекше, тартымды киім”
  • “Мәдениет иелері ұлттық дәстүрді ұстануы керек, жастар сізге қарап бой түзейді, әдемі болу – ашық киінумен өлшенбейді”
  • “Сіз – біздің жауһарымыз!”
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 1
😂 3
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір