Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Атырауда студенттік жатақхананың бір бөлігі опырылып түсті

Сарапшы, спорт журналисі
22.04.2025, 13:35

22 сәуір таңғы сағат 6:00 шамасында Атыраудағы Халел Досмұхамедов атындағы университеттің №2 жатақханасының бір бөлігі құлады.

caspianlife.kz
caspianlife.kz

Оқиға Студенттер даңғылы, 29 мекенжайында болды. Бұл жатақхана 1972 жылы пайдалануға берілген. Мамандардың айтуынша, 2022 жылдың қараша айында университеттің шаруашылық бөлімі ғимараттың бірінші қабатындағы қабырғадан жарық байқап, тиісті органдарға хабар берген.

Кейін Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы ғимаратқа техникалық тексеріс жүргізіп, оны апатты және тұруға жарамсыз деп таныған.

Жатақханада 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап студенттер тұрмаған. Құзырлы органдар ол жерде адамдардың өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін ескертіп, уақытылы эвакуация жүргізген.

Сол себепті бұл жолы зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелген жоқ.

Қазір Атырау облысының құрылыс басқармасы университетпен бірлесіп, екі апатты жатақхананы толықтай бұзу және 1000 орындық заманауи жаңа жатақхана салу жұмыстарын бастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір