Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Бәріне ұнауға тырыстым": Тәуекел Мүсілімнің жары өз өмірі туралы ашық жазды

Редактор Penalty.kz
22.04.2025, 13:00

Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілімнің жары — Махаббат Мүсілім әлеуметтік желідегі жазбасында өзі туралы бұрын-соңды айтпаған жеке жайттарын бөлісті. Ол өмір жолындағы маңызды сәттер, ана ретіндегі тәжірибесі мен ішкі жан дүниесін ашық баяндады.

Qaz365.kz
Qaz365.kz

Махаббат Instagram парақшасында оқырмандарына шынайы пост жариялады. Жас ана 7 жыл бойы медициналық университетте оқып, кейін мамандығы бойынша жұмыс істемегенін жазды. Бұған ерте тұрмысқа шығуы себеп болған. Бүгінде ол үш ұлдың анасы.

“Қыз кезімде мектепте жүріп-ақ алғашқы қалтамақымды таптым. Студент кезімде де қосымша жұмыс істедім. Бірақ ешқашан шулы, жанжалшыл болған емеспін”, – деп жазады ол.

Актердің жары мінезі туралы да бөлісті. Көптің алдында сөйлеу оған оңай соқпайтынын мойындаған Махаббат микрофоннан қорқатынын жасырмады. Уақыт өте келе интроверт бола түскенін де атап өтті.

“Кітап оқып, кофе ішіп, мысық сипап отыра беруге дайынмын. Қазір намаз оқып жүргеніме бір жарым жылдан асты.”

Махаббат әлеуметтік желіде өзінің ішкі күйін де ашық жеткізді:

“Фигурама ешқашан мән бермедім, тәтті мен ұн өнімдерін емін-еркін жей беремін. Бәріне ұнауға, қолайлы болуға тырыстым. Реніштерімді іштей жұтып келдім. Бірақ бұл әдеттен шаршай бастадым”.

Сондай-ақ ол өзі туралы қызықты жайтпен бөлісті — үйде туғанын және ата-анасының жас айырмашылығы – 16 жыл екенін жазды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір