
Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринская батыл фотосессия өткізіп, өзінің сұлу мүсінін көрсетті. Екі баланың анасы әлеуметтік желіде мақтау мен жылы пікірлерге бөленді.
“Қазір мен өзімді қайта танып-білу кезеңінен өтіп жатырмын. Балалы болғаннан кейін менталдық тұрғыда толық қалпына келу үшін кем дегенде бір жыл қажет екен. Бұған бұрын сенбейтін едім, бірақ өмірдің өзі дәлелдеді”, — деп жазды Жәния Джуринская.
Еске сала кетейік, ол жақында пластикалық операция жасатқанын мойындаған болатын.
Жәния жаңа фотосессиясында қара түсті іш киіммен позаға түсіп, мінсіз дене бітімін көрсетті. Әлеуметтік желі қолданушылары актрисаның сымбаттылығына тәнті болды.
Пікірлер арасында былай деп жазылды:
Айта кетейік, сәуір айының ортасында Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов ұлдарының бірінші туған күнін атап өткен болатын.