
АҚШ тұрғындары соңғы апталарда қытайлық маркетплейстердегі бағаның елеулі өсуін байқады. Shein, Temu және AliExpress сияқты танымал платформаларда киімнен бастап электроникаға дейінгі барлық тауар санаттары қосымша салықтармен сатыла бастады. Бұл өзгерістер АҚШ билігінің қытайлық импортқа жаңа кедендік баж салығын енгізуінен туындады.
2025 жылдың сәуір айының басында Shein мен Temu тұтынушыларын 25 сәуірден бастап бағалар өзгеруі мүмкін екені жайлы ескерте бастады. Қазірдің өзінде бірқатар тауарлардың бағасы өсті:
Reddit қолданушылары сатып алу себеттерінің бұрынғыға қарағанда едәуір қымбаттағанын айтып жатыр. Кейбір өнімдердің бағасы екі есе өскен.
"Тарифтер сіз төлейтін бағаға қосылған", — делінген Shein ресми сайтындағы хабарламада.
AliExpress тұтынушыларға қосымша алымдар мен салықтарды ашық түрде көрсетуді бастаған. Енді әрбір өнімнің бағасының астында нақты қанша салық пен баж салығы қосылатыны жазылған.
Мысалы:
Бұл жағдай әсіресе шағын кәсіп иелері үшін ауыр соққы болды. Көптеген кәсіпкерлер өндірістік материалдарын AliExpress арқылы сатып алып жүрген еді. Енді бұл әдіс тиімсіз бола бастады. Тіпті, бірқатар ойын өндіруші компаниялар АҚШ әкімшілігін сотқа беріп, жаңа тарифтердің олардың құқығын бұзғанын мәлімдеді.
Экономистердің айтуынша, бұл жағдай қарапайым тұтынушыларға салмақ салады. Қазіргі өсім — алдағы уақытта болатын жалпы нарықтағы баға шарықтауының алғашқы белгісі ғана.