"Сөзсіз, пафоссыз": Жанар Айжанованың күйеу баласы Айжұлдызға пәтер сыйлады (ВИДЕО)
Танымал актриса әрі әнші Жанар Айжанованың қызы – Айжұлдыз Адайбекова жаңа өмірлік кезеңге аяқ басып қана қоймай, жақын арада қоныс тойын тойламақ. Оның жары, экстрим-блогер Сәкен Қағаров сүйіктісіне Алматының қақ ортасынан кең пәтер сыйлады.
Жаңадан құрылған отбасы – жаңа баспана
Мамыр айында үйлену тойларын ерекше стильде өткізген жас жұп – Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров көпшіліктің назарын өздеріне аудартқан болатын. Енді олар өз отбасылық өмірін жаңа пәтерден бастамақ.
Сәкен Instagram парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісіп, былай деп жазды:
“Менің тәтті тоқашыма арнаған сыйлығым – пәтер. Енді біздің жылы ұямызды Алматының дәл ортасында қалыптастырамыз!”
“Нағыз еркек – үнсіз, бірақ нақты іспен”
Пәтердің видеосы әлеуметтік желіде жылдам тарап, желі қолданушылары мен әріптестері жас жұпты жылы лебіздерімен құттықтады. Пікірлер арасында:
- “Айжу, жаным, сен бұған лайықсың! Сәкен – нағыз азамат!”
- “Сөзсіз және пафоссыз – нағыз еркектің әрекеті!”
- “Бұл жұпқа бақыт пен қуаныш тілейміз!”
- “Керемет бастама! Жоғары жетістіктерге жете беріңіздер!” – деген тілектер жиі айтылды.